Шығыста қазақ күресінен халықаралық турнир өтеді
2025 жылдың 26-28 шілдесі аралығында Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында Халық қаһарманы Қасым Қайсеновты еске алуға арналған қазақ күресінен халықаралық ашық турнир өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бағдарламада:
26 шілдеде сағат 9.00-де жарыстың басталуы;
27 шілде күні сағат 9.00-ден бастап қазақ күресінен ақтық тартыстар;
Сағат 12.00-де салтанатты ашылу рәсімі;
Сағат 13.00-де Құран бағышталып ас беріледі.
Сағат 16.00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және де Ұлан аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерті мен Қазақ елінің жарық жұлдыздары Кенжебек Жәнәбіл, Руфат Маратұлы, Апош Сарбаз, Серікбол Сайлаубек, “Алас” этно фольклорлық ансамблі және Нұргүл Мыңғатова өз өнерлерін көрсетеді.



