Марқакөлде қайығы аударылып суға кеткен адамның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданына қарасты Қалжыр өзенінде қайығы аударылып суға кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Естеріңізге сала кетейік, 6 шілдеде Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзенінде ер адамның қайығы аударылып суға кетенін жазған болатынбыз. Қайықта 1956 жылғы ер адам болғаны анықталды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, арнайы іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Іздеу аймағы 4 учаскеге бөлінді. Жұмыстар су көліктері арқылы өзен арнасында, жерде және дрондарды қолдану арқылы жүргізіліген.
– Ер адамның денесі Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзенінен табылды, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жоғалған адамды іздеуді құтқарушылар, полиция және орманшылар жүргізшен. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 23 шілде күні ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен ер адамның денесін оқиға орнынан 13 шақырым жерден тапты.



