Өскемендегі арбатта Абай әндері шырқалады

Өскеменде ашық аспан астында музыкалық кеш өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

26 шілде күні Арбатта кешкі сағат 19:00-де Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Open Air «Абай әндері» атты ашық аспан астында музыкалық кеш өтеді. 

Кештің басты мақсаты – Абай шығармашылығы арқылы елдің рухани тұтастығын сезіндіру, жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметін арттыру.

Іс-шараны «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Шығыс — Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырады. 

Кеш аясында еркін микрофон, поэзия кеші, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button