Тарбағатайдан науқасты тікұшақпен жеткізді – ШҚО

Тарбағатай ауданының тұрғынына шұғыл медициналық көмек қажет болып, оны облыс орталығына тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Науқасқа тікұшақ облыс орталығынан барды.

– Науқас туралы хабар түскен соң, ҚР ТЖМ тікұшағы жедел ұшып шықты. МИ-8 тікұшағын Қазавиақұтқару ұшқыштары Дулат Ахметов пен Азамат Қабден тізгіндеді. Ұшақта болған санавиация дәрігерлері Антон Волков пен Рим Меңдібаев болды, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Олар 1982 жылы туған науқасты Ақжар кентінен облыс орталығындағы медициналық мекемеге шұғыл жеткізді.

Айта кетейік, мұндай шұғыл рейстер жоғары кәсіби дайындықты қажет етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button