Өскеменде жасөспірімді көлік қағып кетті
Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Оқиға 24 шілде күні кешкі уақытта Тоғас көшесінде болған.
– Понтон көпірінен Ғайса Аязбаев көшесіне қарай келе жатқан Lada Largus көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, аталған көше жеткілікті түрде жарықтандырылмаған.



