Мектеп асханасында тыйым салынатын тағамдар тізімі жаңарды
Мектеп асханасында тыйым салынатын тағам тізімі жаңарды. Оқушылар тұтынатын ас мәзіріне өзгерістер енгізілді. Толығырақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Биылғы мамырда мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленген болатын.
– Өткен жылдың соңында жаңа стандарт бекітілді, оған сәйкес дайын тағамдардағы қант мөлшері 3,5 есе, ал тұз мөлшері 2–2,5 есе азайтылды. Сондай-ақ оқушылар тағамына қатысты қатаң шектеу енгізіледі, әсіресе, мектептегі буфетке қатысты. Атап айтқанда, мектеп асханасында тез қорытылатын көмірсуларға, чебурекке, майға қуырылған бәлішке, гамбургер тағы сол сияқты фаст-фуд түріне тыйым салынады, – деді Ақмарал Әлназарова
Одан бөлек министрдің мәлімдеуінше, шоколадты батондар мен тәтті газдалған сусындарға да шектеу қойылады.
– Аталған өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, – дейді ведомство басшысы.



