ШҚО-да аптап ыстық болады
Алдағы күндері 41 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде. Ал шығыс Қазақстан облысы аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
\»Қазгидромет\» РМК облыстық филиалының ақпараты бойынша, 25 шілдеде өңірде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел болады деп болжануда. Сонымен қатар, ШҚО-ның оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтілуде. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары.
Ал 27 шілдеде оңтүстікте плюс 41 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды.



