100 кітап: өскемендіктер үздік шығармаларға шолу жасады

Елімізде кітап оқу мәдениетін дамыту, әдеби мұраны дәріптеу мақсатында отандық авторлардың  ең танымал 100 кітабы туралы жалпыұлттық сауалнама жүргізіліп жатыр.

Осыған орай А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «AMANAT» партиясы өкілдерінің  қатысуымен арнайы іс-шара өткізілді.

Сауалнаманың басты мақсаты – қазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.

Шарада EGov.kz ресми сайтында сауалнамаға қатысу жолдары таныстырылып, оқырман сұранысына ие болған отандық қаламгерлердің соңғы жылдардағы шығармаларына шолу жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button