Ертіс көпірінің астындағы демалыс аймағы 1 тамызда ашылады

Облыс орталығында жаңа демалыс аймағын абаттандыру жалғасуда. Ертіс көпірінің астына салынып жатқан демалыс аймағы 1 тамызда дайын болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Естеріңізге сала кетейік, көпірдің астындағы аумақта заманауи спорт алаңдары, теннис үстелдері орнатылатыны бұған дейін де айтылған болатын. Трибуналар, киім ауыстыратын бөлмелер, фуд-корттар да қарастырылған. Демалыс аймағында бейнебақылау камерасы орнатылады.

– Көпір маңындағы кеңістікті шамамен 1 тамызға дейін толық абаттандыруды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары Абзал Мәулетханов.

Ертіс көпірінің астында жол салу жұмыстары  да жалғасады. Ол жол жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланғаны айтылды. 

– Жыл соңына дейін көпір астынан өтетін жолды жоспарлап отырмыз, – деп толықтырды әкімнің орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button