АЭС-ке ядролық отын өндіретін кәсіпорын: Ерлан Қошанов «Үлбі ТВС» зауытына барды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстанға сапары барысында атом электр стансаларына арналған жылу бөлгіш құрастырмалар өндіретін Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын – «Үлбі ТВС» ЖШС-не барды.

Бұл – бірлескен қазақ-қытай кәсіпорны. Зауыт жылына 200 тонна уран отынын өндіруге қауқарлы. Бұл дегеніміз алты энергоблок үшін толық жеткілікті қор. 

Кәсіпорын француз және қытай компанияларында халықаралық сертификаттаудан өтіп, Қазақстанның ядролық саласының стратегиялық нысаны ретінде танылды. 

Бүгінде зауытта 200-ге жуық адам, соның ішінде жоғары білікті қазақстандық инженерлер жұмыс істейді. Зауыт Қазақстанда салынып жатқан атом электр стансаларын ядролық отынмен толық қамтамасыз ете алады және отандық ядролық кластердің маңызды құрамдас бөлігі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button