Өскемендегі Maxi Mall-ға қызметкерлер жинап жатыр
Өскеменде салынып жатқан Maxi Mall сауда орталығына қызметкерлер іздеп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос орындарды жариялады. Жаңа сауда-ойын-сауық кешеніне маркетинг және жарнама жөніндегі менеджер, кадрлық іс жүргізу жөніндегі менеджер, клининг қызметінің басшысы, әкімші және SMM-менеджер қажет.
Айта кетейік, қос қабатты ірі кешен қаланың сол жағалауында, Сәтбаев даңғылы бойында, салынып жатыр. Мұнда сауда орындарымен қатар фуд-корт, кинотеатр, балалар алаңы мен сахна болады.
Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 707 337 32 89.



