Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.
Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.
Күміс медаль иегерлері:
– Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
– Таир Әбдіқадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
– Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
– Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегері:
– Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.
Теориялық айналым нәтижелері бойынша:
– 1-дәрежелі диплом – Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
– 2-дәрежелі диплом – Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.
Жетекшілері: Самат Мақсұтов – PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов – CDU магистрі.



