ШҚО-да жүрек ауруы көбейіп, туу көрсеткіші төмендеген

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының халқы 724 мың адамды құрайды. Оның ішінде 638 мыңы – ересектер, 13 мыңы – жасөспірімдер, 71 мыңы – балалар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша табиғи өсім 15,6%-ға төмендеген. Туу көрсеткіші де азайған: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 9,60-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға аз. Ал 2025 жылдың алғашқы үш айында қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 5,2%-ға өскен , деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанова Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады. 

Сонымен қатар, өңірде жалпы өлім-жітім бойынша оң динамика байқалады – 2025 жылдың алғашқы үш айында көрсеткіш 7,0%-ға азайған. Алайда осы жағдайға қарамастан, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім артып келеді.

– Атап айтқанда, 2025 жылдың алғашқы үш айында қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 5,2%-ға өсіп, 100 мың адамға шаққанда 238,31-ден 250,66-ға дейін жеткен. Ең жоғары өсім Улан ауданында тіркелді – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан, өсім – 11 жағдай; Риддер қаласында – 1,4 есеге артқан, өсім – 13 жағдай; Тарбағатай ауданында – 1,3 есеге артқан, өсім – 2 жағдай, – деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанова.

2025 жылдың басынан бастап облыста қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулер жүргізілуде. Жоспар бойынша 3272 адам тексерілуі тиіс болса, 1 маусымға дейін 2369 адам тексеруден өтті — бұл жоспарланған топтың 72%-ын құрайды. Тексерілген азаматтардың ішінде 55 адамда жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары анықталған: 48-інде артериялық гипертензия, 7-інде ишемиялық жүрек ауруы. Тереңдетілген тексеруден кейін 36 пациент диспансерлік есепке алынған.

Мамандардың айтуынша, медициналық көмектің қолжетімділігі мен профилактикалық шараларға қарамастан, жүрек аурулары өлім-жітім себептері арасында әлі де алдыңғы орында тұр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін тұрақты тексерулер, дер кезінде ем алу және салауатты өмір салтын ұстану — негізгі шешім болып қала бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button