Киік еті сатылымға шығады. Бағасы қаншадан болмақ?

Қазақстанда киік санының өсіп кеткені талай мәрте жазылған еді. Оны ретке келтірудің жолы да қарастырылып жатқаны айтылған болатын. Алдағы уақытта киік еті сатылымға шықпақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында киік етінің бір килограмы неше теңгеден сатылатыны белгісіз екенін айтқан.

 – Жұмыс енді ғана басталды. Бұл мәселемен экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет — ет комбинаттарын қамтамасыз ету. Қазір елде 18 ет комбинаты тіркелген. Ветеринарлар да сонда жүр. Киік еті қаншаға сатылатыны, табысы қанша болатыны логистикаға, басқа да факторларға байланысты. Бір апта немесе 10 күннің ішінде қосымша нақты бағаны айтамыз деп ойлаймын, – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Осылайша министр жұмыс енді басталып жатқандықтан қазір нақты бағаны болжау қиын екенін түсіндірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button