Өскеменде \»Астана сақасы\» атты шара өтті
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Елордасы күніне арналған «Астана сақасы» атты мәдени шарасын өткізді. «Астана сақасы» Өскемен қаласының мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі болды.
Ащық ивент форматындағы өткен іс-шарада Өскемендіктер мен қала қонақтары Астананың әсемдігі мен ұлылығын дәріптейтін әндерді тыңдады. Мерекелік атмосфера мен шабытты сезінді. Әркім өзін көрсетіп, көңіл-күйлерімен бөлісті және пікірлес адамдармен жақсы уақыт өткізе алды.
Шара спикері этнограф Ерлан Кәрімбек шағын дәріс-әңгіме өткізіп, елорда өміріндегі ең қызықты фактілер және қазақтың дәстүрлі ойындары, әндері мен салт-дәстүрлері туралы кез келген сұрақтарға жауап берді және тарихынан сыр шертті.
Қала тұрғындары санадан өшіп, ескіріп, ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерін: асық ату, хан ойыны, бестас, түйе мен қоржын, орамал тастау, сақина салу, арқан тартыс, аяқ күрес ойнап көрді. Сонымен қатар, шарада кітапханамыздың Астана күніне арналған «арман орындалатын қала» атты кітап көрмесі таныстырылып, еліміз жайлы Астана,асық туралы түрлі викториналық сұрақтар қойылды.
Елордамыздың мерекелі күні баршамыз үшін маңызды мейрам,үлкен қуаныш. Сол қуаныш халық арасынан да байқалады.



