Ветеринариялық стансалардың техникалық жағдайы мүшкіл. ШҚО да бар тізімде
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше аудандардағы 206 ветеринариялық стансаның 72-сінің меншікті ғимараты жоқ. Бұл қатарда Шығыс Қазақстан облысының аудандары да бар, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында елдегі ветеринариялық стансалардың техникалық жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін баяндады.
– Аудандардағы 206 ветеринариялық стансаның 72-сінің меншікті ғимараты жоқ. Мысалы, Абай облысында 10 аудан орталығының тек үшеуінде ғана меншікті ғимарат бар. Осындай жағдай Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Маңғыстау облыстарында да байқалады, – деді ол.
Сондай-ақ, министр ветеринариялық пункттердің жағдайы бұдан да нашар екенін айтты.
— барлық ветеринариялық-алдын алу шарасы өткізіледі. Олар малға екпе салып, ем жасайтын қоршаулармен, жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Алайда, еліміздегі 2 285 ветпункттің 1 628-і немесе 71%-ы қажетті ғимаратпен қамтамасыз етілмеген, — деді Айдарбек Сапаров.



