АЭС кадрларын Өскеменде даярлайды

Атом энергиясы жөніндегі агенттікттің мәліметінше бірінші АЭС-ке білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр. Кадрлар даярлап жатқан оқу орындарының қатарында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті де бар, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бүгінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, сонымен қатар ядролық технология маманданған шетелдік жетекші ЖОО-ларда мамандар даярлау қолға алынған. Ядролық мамандықтар бойынша білім гранттар санын арттыру қажеттілікке қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алып жатқан жас мамандар жұмыс істеп тұрған АЭС-терде тәжірибе жинақтап, тағлымдамадан өтеді. 

– Консорциум көшбасшының міндетіне қызмет көрсетуші персоналдарды дайындау кіреді. АЭС пайдалану үшін шамамен 2000 адам, оның ішінде ядролық мамандық бойынша 400 адам қажет. Ал қалғандары — бізде жұмыс істеп тұрған көмір және газ электр стансаларында еңбек ететін бейінді-техникалық мамандар. Ядролық мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға келер болсақ, қазіргі уақытта физикамен, энергетика және электртехникасымен байланысты 18 білім бағдарламасы бойынша білікті кадрларды дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр, – деді агенттіктен.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік пен «Росатом» АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті. 

Алғашқы АЭС құны 14 млрд доллар болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button