Австриялық жолдағы көпір жөнделіп жатыр
Австриялық жолы Марқакөлден Катонқарғайға апаратын көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Марқакөл ауданына қарасты автсириялық бағытындағы көлік қатынайтын көпірде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
– Жұмыс барысын ауыл әкімшілігі, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы және лесхоз қызметкерлері бірлесіп бақылауда. Құрылыс барысында қауіпсіздік шаралары мен экологиялық талаптар толық сақталып отыр, – деп хабарлады Марқакөл ауданы әкімдігі.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жол қозғалысы қауіпсіздігі артып, жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қатынас анағұрлым ыңғайлы болмақ.



