Өскеменде қойма өртенді

Өскемен қаласының Казанская көшесіндегі қойма өртенді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайла қызметінің өрт сөндірушілері оқиға орнына дер кезінде жетіп, қоймадағы 5 тонна күнбағыс «жымығын» өрттен аман алып қалған.

– Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер дискорездің көмегімен есікті ашып, қоймаға кіріп өртті сөндірді. Онда көлемі 5 тонна «жымық» болған,  – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт кезінде “112” нөмірі бойынша хабарлаңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button