Ертістің бойы күймен көмкеріліп, әнмен тербелді

Шығыс жұрты үш бірдей мерекеге орай өзен бойында өткен шараны тамашалады. Өскемендіктер Домбыра күнін, Астана күнін, Теңіз және өзен флоты қызметкерлерінің күнін қатар атап өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қатар келген мерекелерге орай су бетінде шеру өтті. Теплоходтар мен қайықтарға мінген қала тұрғындары Ертіс өзенімен шерулетті. Самал саябағынан бастап Кемежай аралағын жүріп өтті. Су бетінде күй шертілсе, жағадан тамашалауға жиналған жұрт әуезді әнге құлақ түрді.

Жайдарлы жазбен келетін бұл үш мерекенің де қазақстандықтар үшін маңызы зор. Домбыра күні – бұл тек музыкалық мұра емес. Бұл – ұлттың жанын, елдің үмітін, халықтың естелігін арқалаған күн. Астана күні – ел Тәуелсіздігінің кемелденген келбеті. Астана – «Әлем қаласы» атағына ие болған, еліміздің жүрегі. Ол – жаңа мүмкіндіктердің, серпінді шешімдердің, дамудың символы. Елорда – жай ғана географиялық орталық емес, ол – елдің ертеңі мен ұрпақтың үміті.

Ал Теңіз және өзен флоты қызметкерлерінің күні! Мемлекеттің қозғалысы мен дамуына тікелей үлес қосып жүрген мамандардың төл мейрамы. Судың бетімен емес, сенімнің үстімен жүретін бұл мамандар – нағыз кәсібиліктің үлгісі. Олардың еңбегі – ел экономикасының іргетасы, сауда-саттық пен логистиканың сенімді тірегі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button