Өскемендіктер елорда күнін қалай атап өтеді?
Өскеменде Астана күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
2-7 шілде аралағында сағат 10:00-ден бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Славский жағалауы, 22) «Астана – Тәуелсіз елімнің Ақордасы!» атты кітап көрмесі өтеді. Сонымен қатар кітапханада сағат 15:00-17:00 аралығында «Менің Отанымның Астанасы» атты VR-саяхат өткізіледі.
Оқушылар шығармашылығы сарайында (А.Чехов көшесі, 63) 4 шілде күні сағат 14:30-да «Bingo Party Астана» кейс-ойын өтеді. Сондай-ақ «Менің Астанам» атты сурет көрмесі болады.
№1 балалар музыка мектебінде (Қабанбай батыр көшесі, 111) 4 шілде күні сағат 11:00-де «Арман қала – Астана» атты концерттік бағдарлама өткізіледі.
Сондай-ақ 4 шілде сағат 16:00-де «Арбатта Астана – жастар» көзімен атты интерактивті алаң ұйымдастырылады.
6 шілде күні сағат 10:00-де Ертіс өзені бойымен «Самал» саябағынан бастап «Ғашықтар аллеясына» дейін кемелер шеруі, сағат 12:00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мущей-қорығында «Мәңгілік елдің Елордасы» атты концерт өтеді.
7 шілде 10:00-ден бастап Металлург саябағында Спорттық бағдарлаудан чемпионат өтеді.



