ШҚО-да ауызсу сапасы тексерілді
Шығыс Қазақстан облысында ауызсу сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 1008 сынама зерттелді, оның ішінде 35 сынама санитарлық талаптарға сай келмейді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік Шемонаиха, Марқакөл және Зайсан аудандарынының аумағында анықталды.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 784 ауызсу сынамасы зерттелді, оның ішінде 35 немесе 4,4% гигиеналық нормативтерге сай келмеді. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік Өскемен қаласының, Ұлан, Алтай, Марқакөл, Зайсан және Шемонаиха аудандарының аумағында анықталды.
– Облыс бойынша халықты қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлық. Соңғы жылдары облыста ауызсудың сапасы тұрақты. Су арқылы таралатын инфекциялық ауру тіркелген жоқ, – делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Ауызсудың сәйкес емес сынамалары бойынша пайдаланушы ұйымдар алдын алу шараларын (су жүйелерін жуу және дезинфекциялау) жүргізді. Қайталама сынамалар нәтижелері бойынша ауызсудың нәтижелері гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.



