«Таза қала» жобасы: ШҚО-ның қай қалалары қамтылады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Таза қала» экологиялық жобасының екінші маусымы басталды. Биыл бұл жобаға ШҚО-ның екі қаласы қамтылмақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Биыл түсірілім тобы моноқалаларға баса назар аударып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі экологиялық ахуалды тереңірек талдамақ. 

Жаңа маусымда еліміздегі облыс орталықтары емес, моноқалаларға басымдық беріледі. Осылайша 3 мегаполис, 20 моноқала және 1 қорытынды бағдарлама көрсетілімі жоспарланған. 

Бұл қатарды Шығыс Қазақстан облысның Алтай, Риддер және еліміздің Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жетіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Рудный, Сәтпаев, Степногорск, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз қатарлы монақалалары бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button