Жобаның құны 10 млрд: Самар жағалауы Алакөлден де асып түседі
Алдағы уақытта Самар жағалауында Алакөлдегідей демалыс базасы салынбақ. Ол үшін 10 миллиард теңгеден астам қаржы керек екені айтылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Самар ауданында Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жаңа туристік нысанның жобасы әзірленуде.
– Самара ауданы жағындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жаңа туристік нысанның жобасы әзірленуде. Жоба іске асса Алакөлден де асып түседі дегенге үміттенеміз, – деп бөлісті аудан әкімі Серік Жеңісов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жоспар бойынша спорт және жаттығу алаңдары, кафелер, мейрамханалар, демалыс аймақтары болады. Арбат Новостройка ауылының маңында салынбақ.
Инфрақұрылымға шамамен 10-11 млрд теңге салу қажет екені есептелінген.
– Самардың суы суық деген ұғым қалыптасып қалған негізі. Шындығында мамырдан қыркүйекке дейін Самар жағалауында суға түсе беруге болады. Суы өте жылы. Біз бұл мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деп қосты аудан әкімі Серік Жеңісов.



