Кондиционері бар автобустар әкелінді. Өскеменге ме?

Сурет: Altainews.kz

Өскемендегі «Вебас» компаниясына 8 жаңа қоғамдық көлік келді. Автобустардың маркасы Zhong Tong деп аталады.

— Олардың іші кең, үш есікті, пандустары бар. Ең бастысы, кондиционер жұмыс істеп тұр. Біздің қалаға қаншалықты жарайтынын уақыт көрсетеді, бірақ бәрі жақсы болады деп үміттенемін, — дейді «Вебас» ЖШС басшысы Евгений Бутримов.

Облыс орталығында жалпы автобус парктерін жаңарту мақсатында биыл 92 көлік сатып алу жоспарланған. Қазір оның 60-ы жеткізіліп, әр түрлі бағыттарда қолданылып жүр. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button