ШҚО қымбат өңірдің бірі болып шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР 11-06-2025, 15:35 0

Шығыс қазақстан облысы қонақ үй мен туристтік нысандар бағасы жоғары өңірлердің қатарында тұр. Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Жылдың алғашқы үш айында қонақ үйлерде және басқа да туристік нысандарда тұру құны туралы деректер белгілі болды.

Еліміз бойынша бір күнге төсек-орынның орташа бағасы шамамен 14 000 теңге. Есептеуге қонақ үйлер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер мен пансионаттар кіреді.

Туристер үшін ең қымбат бағыттар Алматы мен Астана болды. Мұнда тұрақтаудың орташа құны 24 700 теңгеге және 18 150 теңгеге жетті.

 Сондай-ақ Маңғыстау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары  қонақ үйлер мен туристтік нысандар құны жоғары өңірлер деп танылды:

Маңғыстау облысында – 15 000 теңге;

Алматы облысында – 13 800 теңге;

Шығыс Қазақстан облысында – 11 720 теңге.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив