Өскеменде ауа ластанады
Мамандар облыс орталығында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын хабарлады.
«Өскеменде бүгін сағат 20.00-ден ертеңгі 20.00-ге дейін ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорлогиялық жағдайлар туралы ескерту жарияланды», — делінген хабарламады.
Айта кетейік, ҚЖМ кезінде елді мекендерде тымырсық күн райы қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды.



