ШҚО-да «Қонақжай отбасы» жобасы басталды
15 маусымнан бастап облыстың Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында жыл сайынғы «Қонақжай отбасы» жобасы басталды.
Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан жобаға қатысушыларды «Ақниет» мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестер берілді. Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді.
Жобаның алғашқы күндеріндегі есте қаларлық оқиғаға айналған жарқын флешмоб қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Жоба аясында тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Еріктілердің жұмысы жобаға қатысушылар баратын ауылдық елді мекендерде жалғасады. Еріктілер бағдарламаны тиімді іске асыруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Биылғы жылы жобаға 140 оқушы қатысады.



