Жаңа Бұқтырма кентінде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөнінде Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев айтты,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Атап айтқанда, Жаңа Бұқтырманың орталық алаңы жаңартылып жатыр. Жолға екі бірдей субұрқақ орнатылады.
Сонымен қатар демалыс орындарына апаратын жолдар кеңейтіліп, тротуарлар мен велосипед жолы салынады. үшін кеңейтіліп жатыр. Осылайша демалушылардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалмақ.
– Бұқтырма жағалауын абаттандыру жұмыстары биыл аяқталмайды, жұмыстың екінші кезеңі бар. Оған келесі жылы кірісеміз, – деді Алтай ауданының әкімі.