Өрт қаупі бар кезең басталғалы 6 орман өрті болған – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-06-2025, 15:16 0

Бүгінгі күні облыс бойынша азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған 52 мобильді топ құрылған. Олар шамамен 340 рейдтік іс-шара өткізген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өңірде көбінесе ашық аумақтағы және саяжай қауымдастықтарының маңындағы шөптер жанады. Бұған басты себеп – отты абайсыз пайдалану.

Өрт қаупі бар кезең басталғалы бері облыс аумағында 6 орман өрті, 1 дала өрті және 15 жану фактісі тіркелген.

 – Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мобильді топтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні облыс бойынша азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған 52 мобильді топ құрылған. Шамамен 340 рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша – 46 адам, 336-бабы бойынша – 15 адам, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖД тұрғындарды дала және орман алқаптарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бұл кезеңде ешқандай жағдайда шөп өртемеу керек. Орманда от жақпау қажет. Балаларға от пен сіріңке арқылы ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру қажет. Жол жиегімен жүріп келе жатып, автокөлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға болмайды.

Саяжай учаскелерінде: алғашқы өрт сөндіру құралдары – су толтырылған бөшке, өрт сөндіргіш болуы тиіс. Үй маңында аумақты тазарту кезінде от жағуға қатаң тыйым салынады.

Назар аударыңыз! Рұқсат етілмеген от жағу, алау жағу, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Өртті байқаған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив