Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысы шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-06-2025, 13:28 0

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ұлттық біріңғай тестілеудің аралық қорытындыларын жариялады.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті.

Олардың 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде,26%-ы орыс тілінде тапсырды.Ал 136 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

«Талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құрады. Ең жоғары нәтижені 140 баллмен Әбілхан Жәнібек көрсетті»,-деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында тестілеуге 477 талапкер қатысты.

ҰБТ-ны өткізудің үш аптасында 206 ереже бұзушылық анықталды.Оның ішінде, 98 талапкер смартфон, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді.Сонымен қатар, 108 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. 

31 қазанға дейін тестілеу кезіндегі бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.




Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив