Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері, прокуратура өкілдері және жеке сот орындаушылар бірлесіп 10-12 маусым аралығында жолдарда рейд жүргізіп, міндеттелген айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді тоқтатады.
Тәртіп сақшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 810-бабына сәйкес хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50 пайыз ғана төлеуге болатынын еске салады.
Егер бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда айыппұл өз еркімен, бірақ 30 тәуліктен кешіктірілмей толық көлемде төленуі мүмкін. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін өндіріп алу жөніндегі материалдар мәжбүрлеп орындау үшін атқарушы органдарға жіберіледі.