ШҚО-да жасөспірімдер арасында буллинг және суицид жағдайлары азайды

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-06-2025, 15:57 0

Облыста балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері мен буллинг жағдайларының саны төмендеді. 

Өткен жылдан бастап еліміздің әр облысында балаларға психологиялық көмек көрсету орталықтары ашылды.Соның арқасында, 240 мыңнан астам оқушы мен олардың отбасыларына кешенді көмек көрсетілді.

Кешенді шаралардың нәтижесінде облыста суицид, буллинг, құқық бұзушылық фактілері төмендеді.

Білім министрі Ги Бейсембаев өңірлік психологиялық орталықтардың жұмысымен танысты. Ол балаларға көрсетіліп жатқан психологиялық қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Министрлік мектеп психологтарының жұмыс жүктемесін азайтуды қолға алды. Одан бөлек,  диагностика мен ведомствоаралық өзара әрекеттестік күшейді. Бұл шаралар балаларға ерте көмек көрсетіп, олардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта облыста 500-ден астам білікті маман жұмыс істейді.Еліміз бойынша 8 мыңнан астам педагог-психолог балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына қолдау көрсетіп келеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив