Глубокое ауданының Черемшанка және Зимовье ауылдары арасында орманға шөптер жинау үшін шығып жолынан адасқан кейуананы құтқарушылар тікұшақпен іздеп тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО-да орман алқабына шөп теруге кетен кейуана екі бойы оралмаған. 1957 жылы туған әйелдің жоғалуына байланысты ауқымды іздеу жұмыстары жүргізілді. 7 маусым күні таңертең туыстары дабыл қағып, құтқарушыларға бар жайтты хабарлаған.
– ТЖ қызметі, орманшылар мен полиция қызметкерлерінің топтары дереу іздеуге шықты. Құтқарушылар жоғары өтімді техниканы, тепловизорларды, дрондарды, кинологиялық есептоптарды және ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағын іске қосты, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Іздеу жұмыстары ормандағы жетуі қиын жерлерде жүргізілген. Іздеу тобы орман алқабын аралап жүріп тікұшақтан адасып қалған адамды тапты. Кейуананың жағдайы жақсы, тексеру үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды.
ТЖМ орманға жорық мұқият жоспарланып, 112 қызметінде белгіленуі керек екенін еске салады.