ШҚО-да 7 заманауи мектеп салынып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-06-2025, 11:41 0

Шығыс Қазақстан облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жалпы сыйымдылығы 3 мың оқушыға арналған 7 заманауи мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бүгінгі таңда Шемонаиха ауданында Риддер, Өскемен қалаларында және Глубокое ауданының Белоусовка кентінде 5 мектеп пайдалануға берілді.

Оның ішінде екі білім беру ошағы бұрынғы ескі мектептердің орнын басты. Олар осы жылдың 1 сәуірінен жұмысын бастап кеткен Шемонайха ауданындағы Шәкәрім атындағы №4 мектеп және Риддер қаласындағы №12 мектеп. 

Ал Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін №31, №40 және Глубокое ауданының Белоусов ауылындағы №2 мектептері білім беру қызметіне лицензия алу бойынша қажетті құжаттаманы дайындауда.

Сонымен қатар, облыста тағы екі мектептің құрылысы жалғасуда. Олар Глубокое ауданының  Опытное поле ауылында және Өскемен қаласының Есенберлин көшесі бойында салынып жатқан мектептерде құрылыс жұмыстары жалғасуда.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив