Жаңалықтар
Өскеменде сенбілік өтеді
Ертең Өскеменде қалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
12 қыркүйек күні сағат 09:00-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Өскеменде қалалық сенбілік өткізіледі.
Сенбілік барысында қала аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
– Шағын және орта бизнес субъектілерінен өздеріне іргелес аумақтарды абаттандыруды сұраймыз. Бұл жұмыстар қала аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.



