«Торпедо» хоккей клубының жаңа басшысы тағайындалды

«Торпедо» хоккей клубы Бауыржан Мұратұлы Қазидың клуб басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлады.
Бауыржан Қази 1985 жылы 17 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген. Кәсіби спорт, спорттық менеджмент және әкімшілік басқару саласында көпжылдық тәжірибесі бар.
Әр жылдары волейбол клубтарында басшылық әрі бапкерлік қызметтерді атқарған, Ұлттық лига командаларымен жұмыс істеген, сондай-ақ спорттық және халықаралық процестерді ұйымдастыруға қатысқан. 2023 жылдан бері «Berel» кәсіби волейбол клубы» ҚҚ басқарып келеді.
Бауыржан Қазидың «Бастапқы әскери дайындық», «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.
Бұған дейін клубтың бірінші басшысы қызметін атқарған Виктор Николаевич Быстрянцев «Торпедо» құрылымында жұмысын жалғастырып, басшының спорттық бағыт жөніндегі орынбасары лауазымына ауысады.



