Жаңалықтар

Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– 8 қыркүйек сағат 20:00-ден 9 қыркүйек 20:00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескерту жарияланды, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар –  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button