Жаңалықтар

Өскемендік балаларды тегін су спорты үйірмелеріне шақырады

Су спорты түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі бірнеше бағыт бойынша топтарға қабылдау жүргізуде. 

Алты-жеті жасар бала жүзуді үйренуі үшін ата-аналар оны «іріктеуге» — алдын ала жаттығуларға алып келуі қажет.

Болашақ су спортшыларын іріктеу 7, 9 және 11 қыркүйек күндері сағат 9.00-ден 9.45-ке дейін және 18.00-ден 18.30-ға дейін Шәкәрім даңғылы, 1/2 мекенжайындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді. Жаттықтырушы фойеде күтеді. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі болуы керек.

Сондай-ақ «Байдарка мен каноэде есу» секциясына 9–12 жас аралығындағы ұлдар мен қыздарды қабылдау ашық.

Спорттың бұл түрі келесі қасиеттерді дамытады:

  • Күш пен шыдамдылық;
  • Координация мен тәртіп;
  • Өзіне деген сенімділік.

Толық ақпаратты 8-771-355-01-15 телефон нөмірі арқылы хабарласып немесе WhatsApp-қа жазып білуге болады.

Бұдан бөлек, 9, 10 және 11 жастағы ұлдар мен қыздарды су добына (водное поло) қабылдау жарияланды. Сабақтар тегін жүргізіледі. Тілек білдірушілерді осы апта бойы: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін және 15.00-ден 16.00-ге дейін күтеді.

Өзіңізбен бірге болуы тиіс құжаттар:

  • Су добына рұқсаты бар 027/у нысанындағы анықтама;
  • Энтеробиозға тапсырылған анықтама (жағынды);
  • Сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Сәйкестендіру үшін ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі.

Бассейнге арналған спорттық киім: жүзуге арналған бас киім (шапка), көзілдірік, шомылу киімдері, тәпішке, сүлгі, сабын-жуу құралдары.

Спорт залы үшін: футболка, шорты, кроссовка.

Жаттығулар аптасына бес рет өтеді (таңертеңгі және кешкі топтар).

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қ. Сәтбаев даңғылы, 82/3, «Орталық бассейн» спорт кешені.

Анықтама телефоны: 8-707-969-40-85 — Медведев Сергей Дмитриевич.

Басқа жаңалықтар

Back to top button