Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
Облыс орталығында ауа ластанады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Синоптиктердің мәліметінше, облыс орталығында 7 және 8 қыркүйекке қараған түні ауада ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Бұған дейін 6 қыркүйекке қараған түні де ауа құрамындағы зиянды заттардың жиналуы болжанған болатын.
«Қазгидромет» РМК ресми сайтында 7 қыркүйекте Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетіні көрсетілген. Алайда қалалық және облыстық ведомстволар тарапынан ҚМЖ-ның 1, 2 немесе 3-дәрежесі туралы ескерту жарияланған жоқ.
6 қыркүйектегі нәтижелерге сәйкес Өскеменде ауадағы күкіртсутек шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) 1,475 есеге жоғары болған. Күкірт диоксиді бойынша көрсеткіш – 0,810 ШРК, азот диоксиді – 0,632 ШРК, көміртек оксиді – 0,565 ШРК болды.



