Жаңалықтар

Өскеменде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Оқиға бүгін Сәтбаев даңғылында болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Lada Priora автокөлігі мен шағын автобус соқтығысқан.

–  Алдын ала мәлімет бойынша Lada Priora көлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде қарсы бағытта түзу келе жатқан автобусқа жол бермеген. Соның салдарынан автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасынан кейін автобустың екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.

– Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолаушылар мен куәгерлерден жауап алып, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button