Жаңалықтар
Өскемендегі Есенберлин даңғылындағы жерүсті өткелі уақытша жабылды
Есенберлин даңғылындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі жабылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл уақытша қабылданған шешім. Жерүсті өткелі толық қалпына келтірілгенге дейін жабық болады.
26 тамызда Есенберлин даңғылында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Экскаватор тиеген тралы бар SHACMAN жүк көлігі жерүсті өткелдің астынан өту кезінде оның құрылымына тиіп кетіп, өткелдің құрылымы мен қоршауының шыны элементтерін зақымданған.
Сынған шыны бөлшектері жолда тұрған Toyota RAV4 көлігіне зақым келтірген. Апаттан зардап шеккендер жоқ.
Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.



