Жаңалықтар

Өскеменде антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

4 қыркүйек күні Өскеменде антитеррористік оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабының мәліметінше, күштік құрылымдар террористік тұрғыдан осал объектілердегі жағдайдың әртүрлі даму желісіне жедел әрекет ету мәселелерін пысықтайды. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, соның ішінде автокөлік қозғалысын жабу көзделген.

– Қала тұрғындары мен қонақтарынан бұл шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және іс-қимылға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button