Жаңалықтар

Өскеменде ата-аналар жыртылған оқулықтарға шағымданды

Жаңа оқу жылында оқушыларға берілген кітаптар кейбір қала тұрғындарының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Кеше қалалық білім бөлімі әлеуметтік желіде 24 тамызда Өскемен қаласына 3-сыныптың жаңартылған оқулықтары мен 7-сынып оқушыларына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқулықтардың жеткізілгені туралы жазба жариялады.

Кейбір ата-аналар жазбаның астына биыл жаңартылмаған есік, жыртылған оқулықтарға шағымданып өз пікірлерін білдірді:

«Кешіріңіздер, әрине, бірақ биыл балаларға қандай оқулықтар берілгенінен хабардарсыздар ма? Бәрі жыртылған, лас, шимайланған! Оларды оқудың өзі былай тұрсын, қолға ұстаудың өзі жиіркенішті», – деп жазды қала тұрғыны. 

«5-сыныптың кітаптарының көбі 2017 жылғы ескі, жыртық әр төрт жыл сайын жаңартып отыруы керек емес па?», – деп пікір білдірді өңір тұрғындарының бірі.

«5-сынып, 6-сыныптың кітаптарының жағдайы онша емес екен. Әр бетін скочтап қойдық шашылып қалмасын деп, одан қалса лас. Жыртық, парақтары жетпейді. 2017 жылдан бері екі рет ауысатын болған сияқты», – деді өңір тұрғыны. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button