Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Нұржан Тілеубаев келді.
Кадрлық тағайындау туралы әзірге жеке ресми хабарлама жарияланған жоқ. Алайда Нұржан Тілеубаевтың аты-жөні мен өмірбаяны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтында пайда болды.
Нұржан Тілеубаев бұған дейін мұғалім болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда түрлі қызметтер атқарған.
2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Математика және физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2001–2004 жылдары – Қаскелең қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі;
2004–2005 жылдары – Қаскелең қаласындағы А. Байжанов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі;
2005–2009 жылдары – Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2009–2010 жылдары – Қарасай қалалық округі әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі;
2010 жылы – Қарасай ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2010–2011 жылдары – Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің орынбасарының көмекшісі;
2011–2014 жылдары – Алматы облысы әкімі аппаратының облыс әкімі көмекшісі;
2014 жылы – Алматы облысының еңбек инспекциясы басқармасының басқарма басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы;
2014–2025 жылдары – Ақсу ауданындағы «М.Демеу Тур» ЖШС-нің бас директоры;
2019–2020 жылдары – Ақсу ауданындағы «Күрті-Саяхат» ЖШС-нің аға егерьі;
2025–2026 жылдары – Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қаржы және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің бас маманы;
2026 жылы – Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;
2026 жылғы 27 тамыздан бастап Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.



