Жаңалықтар
Өскеменде ауа сапасы ластанды

Өскеменде кеше ауа сапасы нашарлап, ауадағы күкіртсутек мөлшерінің шекті деңгейден асқаны тіркелді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
2 қыркүйекте жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қалада күкіртсутектің шекті рұқсат етілген мөлшерден 1,152 есе асқаны анықталды. Ал күкірт диоксиді бойынша көрсеткіш 0,562 ШРК-ны құрады.
– 3 қыркүйек күндіз және 4 қыркүйек күні түнде метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауа ластануының төмен деңгейі күтіледі, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.



