Жаңалықтар
Өскеменде порнографиялық материалдар таратқан қылмыстық топқа үкім шығарылды

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында порнографиялық материалдарды дайындау және тарату фактісі бойынша қылмыстық істі қарау аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында 2018 жылдан 2024 жылға дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі елдің бірнеше аумағында заңсыз әрекет ете отырып, тұрақты кіріс алғандары анықталды.
Мемлекеттік айыптау сотқа сотталушылардың айыпталған қылмыстарға қатысы бар екендігі туралы бұлтартпас дәлелдер ұсынды.
– Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденді деп танып, оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.



