Жаңалықтар

Глубокое ауданының тұрғынынан 35 келіге жуық қарасора тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданының 48 жастағы тұрғынынан 34,9 келі қарасора тәркіленді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, үй мен шаруашылық құрылыстарын тінту барысында полицейлер өсімдік тектес зат түйіндерін, кептірілген өсімдік бөліктерін және 40 түп бұтаны анықтады.

Сараптама тәркіленген заттардың есірткі құралдарына жататынын растады.

– Негізгі тәркіленген зат бақшадан табылды. Үй маңындағы аумақта полицейлер тағы 156 түп қарасораны анықтады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 34,9 келіні құрады, – делінген хабарламада.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button