Жаңалықтар

Үлкен Нарын ауданында полицейлер 6,7 келіден астам марихуана тәркіледі

Үлкен Нарын ауданында 48 жастағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде полицейлер ауладан 22 түп қарасора өсімдігін, шаруашылық үй-жайларынан өсімдік тектес заттар салынған бумалар мен сыйымды ыдыстарды анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер кептірілмеген күйдегі каннабис (қарасора) екені анықталды.

Сонымен қатар анықталған заттардың жалпы салмағы 700 грамнан асатын марихуана екені расталды.

– Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 6,7 келіден асты. Сондай-ақ ер адамның каннабиноидтарды тұтынғаны анықталды. Ол өз сөзінде жабайы қарасораны тек жеке мақсатында жинағанын және өз үйінің аумағында арнайы өсірмегенін түсіндірді, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button