Жаңалықтар
ШҚО әкімінің орынбасары Құрылтайда депутат болды

Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев шығыс жұртына бірнеше жыл абыроймен қызмет етті.
Облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасары деп аталатын лауазымның жүгі ауыр.
ШҚО-дағы түрлі әлеуметтік топтармен байланыс орнату. БАҚ жұмысын үйлестіру, спорт, мәдениет, денсаулық, жастар, ұлт мәселесі, тіл мәселесі – бәрі.
Ербол Жолдасбекұлы осы мәселенің бәрін шебер үйлестіріп, Өскемендегі қазақ тілінің мәртебесін бір сатты жоғарылатып кетті деуге болады. Айта кетуіміз керек, осы уақыт аралығында шығыста қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе қазақ тілді желілік медиа күш ала бастады.
Енді Құрылтайға шығыстың мәселесін бес саусағындай білетін адам бара жатыр.
Алдағы уақытта шығыстың проблемаларын Ұлттық Құрылтай мінберінен көтереді деп сенеміз.



